Басты бетЖаңалықтарМоңғолияда Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Моңғолияда Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Моңғолияға мемлекеттік сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Үкімет үйі алдындағы Сухэ-Батыр алаңында құрмет қарауылы және сауыт киген салт атты моңғол жауынгерлері сап түзеп тұрды. Құрмет қарауылы бастығының рапортынан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды, мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Содан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Салтанатты рәсімнен кейін президенттер келіссөз залына барды.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сонымен қатар бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да