Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыруымен Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.
Ұлан-Батыр әуежайында еліміздің делегациясын Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг қарсы алды.
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу және бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.