Ақын Құрманай Бақтиярқызы қайтыс болды

Ақын, композитор Құрманай Бақтиярқызы қайтыс болды. Бұл туралы ақынның балалары мәлімдеп отыр.

Анашым раббысына қайтты. Дұғада болыңыздар. Артында дұға арнайтын ата-анасы, бауырлары, үлкені Ханшайым, кенжесі Толғанай мен Сұңқар, немерелері Ақберен мен Арыстан, жақсы көретін, дұға арнайтын қазақ елі бар! Анама деген махаббаттарыңызға рақмет, — деп жазды сазгердің баласы ақынның Instagram-парақшасына.

Құрманай Бақтиярқызы — заманауи музыка өнерінің дамуына үлес қосқан ақын әрі сазгер.