Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 485-490 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 28 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 485,11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,02 теңге. Еуро — 523,82.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 485,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 487,5 теңге. Еуро 524,5—528,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 485 теңге, сатып алу құны — 490 теңге. Еуро 523 теңгеден сатылып, 529 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,95-5,05 аралығында саудаланып жатыр.