Қазақстанның 15 облысы мен Астанада дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлап отыр.
Астанада түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Қар, мұз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23 м/с болады.
Алматыда кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Кешке тұман түседі.
Шымкентте түнде және таңертең қатты жауын-шашын (негізінен жаңбыр), тұман түседі.
Абай ауданында оңтүстік-шығыстан соғатын жел таңертең және күндіз оңтүстік-батысқа ауысады, батыста, солтүстікте, облыс орталығында 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында және солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с жетеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында және солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақытта 23-28 м/с жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жауын-шашын (негізінен қар), тұман, көктайғақ болады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде және шығысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Жетісу облысының оңтүстік жартысында қатты жаңбыр жауады, таулы аймақтарда өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарында тұман түседі.
Түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.
Түнде Қарағанды облысының батысында және солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ бар. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі.
Қызылорда облысының орталығында түнде және таңертең тұман түседі.
Павлодар облысының батысында және солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі.