Басты бет Жаңалықтар Алматыда Бұқар Жырау көшесіндегі жол учаскесі бір аптаға жабылады

Алматыда Бұқар Жырау көшесіндегі жол учаскесі бір аптаға жабылады

Фото: Tengrinews.kz
Алматыда Бұқар Жырау бульварындағы жол учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл арада газ құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мегаполис әкімдігінің мәліметінше, Бұқар Жырау көшесі бойымен Есентай өзенінен Байзақов көшесіне дейін бір ғана жолақ арқылы көлік қозғалысына рұқсат етіледі. Шектеу 28 қазанда сағат 09.00-ден 3 қарашада 19.00-ге дейін енгізіледі.

Бұқар Жырау бульвары бойынша Жароков көшесінен Есентай өзеніне дейінгі аралықта орташа қысымды жерасты газ құбыры 1972 жылы пайдалануға берілген. Оның жалпы ұзындығы — 1766,9 метр. Пайдалану кезінде оқшаулағыш жабынның зақымдануы, сонымен қатар құбырдың төрт жерінен тат басу анықталды, — делінген хабарламада.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін іргелес аумақты абаттандыру және асфальт төсемін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Exit mobile version