Басты бет Жаңалықтар Еліміздегі сұранысқа ие мамандықтар анықталды

Еліміздегі сұранысқа ие мамандықтар анықталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8,4 мың жұмыс берушіге (республикалық көрсеткіштің 6,3%-ы) сауалнама жүргізіп, нәтижесінде Қазақстан бойынша ең көп сұранысқа ие мамандықтың көмекші жұмысшылар екені анықталды.

Көмекші жұмысшылар елдегі жалпы қажеттіліктің 11,3 пайызын құрайды.

Екінші орында дәрігер мамандар мен күзетшілер. Оларға деген сұраныс 4,8 пайызды құрайды.

Одан кейінгі орында мұғалімдер (4,1 пайыз), сосын тігіншілер (2,1 пайыз).

Сонымен қатар жоғары білікті мамандарға деген қажеттілік 30 мың.

Кәсіби мамандар арасында өнеркәсіп саласы қызметкерлері көш басында. Соның ішінде құрылысшы-монтаждаушылар мен дәнекерлеушілерге деген сұраныс жоғары.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version