Шымкентте 11 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлап отыр.
Полиция мәліметінше, экстремизмге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында 41 жастағы шетел азаматын ұстады.
Ер адамды көрші елдің құқық қорғау органдары кедендік заңнаманы бұзғаны және пара алғаны үшін халықаралық іздеуге берген. Ол қылмыстық қудалаудан 11 жыл бойы жасырынып жүрген, — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда отыр. Оны экстрадициялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.