12 қазанда ҰҚК шекара қызметі Астана қаласының халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының жалған төлқұжатымен кіру үшін шекарадан өтуге әрекеттенген шетел азаматын ұстады.
Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді.
2024 жылдың басынан шекарашылар мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктерінде жарамсыз және бөгде адамдардың төлқұжаттарын пайдаланудың 198 фактісін жойды. ҰҚК шекара қызметі жалған құжаттарды пайдаланып шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын хабарлайды, — делінген хабарламада.