Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 483-488 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 24 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 486,65 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,05 теңге. Еуро — 524,46.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 483,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 486,3 теңге. Еуро 522-525 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 483 теңге, сатып алу құны — 488 теңге. Еуро 522 теңгеден сатылып, 528 теңгеден сатып алынады. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97-5,08 аралығында саудаланып жатыр.