Қар, тұман, жел: 24 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Бүгін түнде және таңертең Астанада тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

2024 жылғы 23-24 қазан аралығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болу ықтималдылығына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарында беткейлік ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін, сонымен қатар судың жайылуы мүмкін.

24-25 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. 24-25 қазанда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Таразда 24-25 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

24 қазанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады.

Петропавлда 24 қазанда түнде көктайғақ болады.

24 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады.

Көкшетауда 24 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады.

24 қазанда Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың шығысында тұман түседі.

24 қазанда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

24 қазанда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады.

Шымкентте 23 қазанда күннің екінші жартысында, 24 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістанда 24 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

24 қазанда Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады.

Ақтөбеде 24 қазанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

24 қазанда Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 23 м/с болады.

Оралда 24 қазанда жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады.

24 қазанда Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Қызылордада 24 қазанда жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с болады.

24 қазанда Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады.

Жезқазғанда 24 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады.

24 қазанда Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан жел соғады.

Қарағандыда 24 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

24 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қостанайда 24 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.

24 қазанда түнде Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты қалың жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі.

Алматыда 24 қазанда түнде және таңертең тұман түседі.