Басты бет Жаңалықтар Қытайлық компания Қазақстандағы жел энергетикасын инвестициялайды

Қытайлық компания Қазақстандағы жел энергетикасын инвестициялайды

Қытайлық SANY Group корпорациясы Қазақстанның жел энергетикасын инвестицияламақ. Бұл туралы корпорацияның жоғары вице-президенті Дуань Давэй айтып берді.

«Биыл Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Қазақстанда өндіріс салу үшін Қытаймен бірлескен инвестициялық бағдарламасын тиімді жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Бұл қытайлық бизнесті ынталандыра түсіп, екі елдің кәсіпкерлері арасындағы ынтымақтастықтың болашағына жол ашады. Біздің компания Қазақстанда құрылыс техникаларын жеткізуді қамтамасыз ету саласында тұрақты түрде жұмыс жасап келеді. Жақында ғана қазақстандық әріптестермен жел энергетикасы саласындағы жобаны бірігіп қаржыландыру туралы келісім жасастық. Жуық арада Қазақстанға делегация жібереміз», — деді ол.

Кәсіпкер ҚР-ның ҚХР-дағы елшісі Шахрат Нұрышевпен кездескенін еске алып, Қазақстандағы машина жасау саласындағы инвестициялық жоспарларымен бөлісті.

Оның айтуынша, Қазақстан қытайлық инвестициялар үшін машина жасау, теміржол және теңіз порты логистикасы, сондай-ақ «жасыл энергетика» салаларында оңтайлы нарық болып табылады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version