Биыл Қазақстанның астық бойынша экспорттық әлеуеті 12 миллион тоннаға бағаланып отыр. Бұл туралы сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлімдеп отыр.
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан Орталық Азия мен Ауғанстанға астық жеткізуді жалғастыра береді. Биыл осы бағыттарда шамамен 4,2 миллион тонна сатылады.
Қытайға астық экспорты 2023 жылы 1,4 миллион тонна болып, жылына 5,5 есе өсім көрсетті. Бірақ Қытай органдарының талаптарына байланысты шекарада кідіріс мәселесін, сонымен қатар Қытайдағы қазақстандық астық импортына лицензиялар мен квоталар сияқты күрделі шарттарды пысықтау маңызды, — деді Қайрат Төребаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ал Түркия мен Таяу Шығыс елдеріне экспорттың әлеуеті 1 миллион тоннаға жуық бидай болды. Сонымен қатар бірқатар елде өнімділіктің төмендеуіне байланысты Италия, Латвия, Испания сияқты Еуропалық Одақ елдерінің нарығына да шығуға болады.
Иран нарығына жеткізілімдерді қалпына келтіру маңызды, арпа бойынша біз қазір динамиканы көріп отырмыз. Қазақстандық бидай брендін Пәкістан, Индонезия, Бразилия, Малайзия сияқты жаңа нарықтарда ілгерілету жөніндегі жұмыс жандандырылады, онда импорттың өсуі болжанады, — деді Қайрат Төребаев.