«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 23 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика бойынша жаңбыр, солтүстік облыстарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі.
Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі. Республикамыздың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында – көктайғақ, солтүстікте – жаяу бұрқасын күтіледі.