Басты бетЖаңалықтарАлдағы уақытта...

Алдағы уақытта әр ауылдың өз бюджеті болады

«Еліміздің бюджеттік жүйесі үш деңгейден тұратынын білесіздер. Ауыл округтері деңгейінде жеке бюджет жоқ. Шамамен 2,5 мың ауыл бар. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, xалқы 2 мыңнан асатын ауыл округтерінің деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті мемлекеттік бюджеттің төртінші бюджеті ретінде құрылады. Ал 2020 жылдан бастап барлық ауылдарға енгізіледі», — деді Айбатыр Жұмағұлов.

Вице-министрдің айтуынша, ауыл бюджеті жеке кіріс салығынан, азаматтардың мүлік салығынан, жеке және заңды тұлғалардың көлік және жер салығынан, жол бойына орнатылатын сыртқы жарнамадан және өзге де салықтық емес кірістерден толығады.

Бюджеттің атқарылуын ауыл округінің әкімі мен аппараты өз мойындарына алады.

ДереккөзInform.kz