Басты бетЖаңалықтарАлматыда трансформатор...

Алматыда трансформатор өртенді

Алматылық өрт сөндірушілер жанып жатқан трансформаторды сөндірді. Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бүгін таңғы сағат 07.36 шамасында шыққан.

Бостандық ауданы, Желтоқсан көшесі, 185/1 мекенжайында орналасқан трансформатордың қосалқы станциясы өртенді. Өрт сөндірушілер шұғыл нысанды электр қуатынан ажыратып, өртті жою шарасын қабылдады. Ауа-механикалық көбікті қолданған мамандар қызыл жалынды толығымен сөндірді, — делінген хабарламада.

Өрт 10 шаршы метр жерді шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.