Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 481-486 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 22 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 481,68 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,00 теңге. Еуро — 522,48.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 482,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 485,9 теңге. Еуро 521,5 — 525,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 481 теңге, сатып алу құны — 486 теңге. Еуро 522 теңгеден сатылып, 528 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,99-5,10 аралығында саудаланып жатыр.