«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 22 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр, оңтүстікте, оңтүстік-шығысында найзағайлы жаңбыр, солтүстік облыстарда түнгі сағаттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Республика бойынша түнде және таңертең тұман түсіп, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста жел күшейеді.