«Қазгидромет» РМК синоптиктері 22-24 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде Атлантикалық циклонның ықпалымен тұрақсыз ауа райы болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ құбылыстары, батыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр, жекелеген облыстарда күндіз найзағай болады.
23 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), 24 қазанда Жетісу облысында тауларда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Қазақстан бойынша жел мен тұман күшейеді. Температуралық фонда күрт өзгерістер болжанбайды, — делінген хабарламада.