Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 483-488 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 21 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 485,04 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,04 теңге. Еуро — 525,98.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 484,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 487,3 теңге. Еуро 524,5-528 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 483 теңге, сатып алу құны — 488 теңге. Еуро 523 теңгеден сатылып, 529 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,99-5,12 аралығында саудаланып жатыр.