Басты бетЖаңалықтарҚырғызстанда 4,6...

Қырғызстанда 4,6 балдық жер сілкінісі болды

Еуропалық-жерорта теңізі сейсмикалық орталығы Қырғызстанда жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісі жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша 23.44-те болды. Жер сілкінісінің ошағы Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 137 шақырым және Нооката қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 127 шақырым қашықтықта тіркелді.

Тереңдігі — 10 км. Магнитудасы — 4,6 балл.

Қазіргі сәтке дейін жапа шеккендер туралы мәлімет түспеген. Құтқару қызметі жағдайды бақылауда ұстап отыр.