Көкшетау тұрғыны «Нұр Отан» ғимаратының алдында өзін өртеп жібермек болды

Куәгерлердің айтуынша, 19 қаңтарда 17.20-да «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалының ғимаратының алдында ер адам өз-өзіне бензин құйып, өртенетінін айтып қорқытқан. Қолғабы өртенген сәтте куәгерлер оған көмектеспек болады. БАҚ өкілдері оның заттарын тартып алып, қарға лақтырып сөндірген. Мекеме күзетшісі болса оның бензинін алып қойған.

Кейін ер адамның өз проблемасына назар аудартқысы келгені белгілі болды. Күзет фирмаларының бірі оған 147 мың сомасында жалақысын төлемеген екен. Ер адам жарақат алмады. «Нұр Отан» партиясының филиалындағылар ер адамның проблемасын қарастырып жатыр. Қазіргі уақытта ол тұрақты баспанасы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығында.


© Влад Кныш 

Дереккөзtengrinews.kz