Басты бетPush20 қазанда...

20 қазанда Қазақстанның 8 қаласында ауа ластанады

Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа ластанады. Бұл туралы Казгидромет хабарлады.

2024 жылғы 20 қазанда Павлодар, Өскемен, Семей, Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау қалаларында, түнде Қостанайда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.