Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары ауысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент өкімімен Қанатай Жорабекұлы Далматов Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Талғардағы 16 жасар Шерзат Болаттың қазасынан кейін ұлттық қауіпсіздік комитетінде біршама ауыс-түйіс болды.