Талғарда Шерзат Болаттың өліміне қатысы бар деген күдікпен тағы бір адам ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлап отыр.
Полиция мәліметінше, Шерзат Болатты өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында 17 қазанда тағы бір күдікті – К. есімді азамат ұсталды.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр. Тергеу барысы ішкі істер министрінің бақылауында, — делінген хабарламада.
Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Болатты отбасының көзінше өлтіріп кеткен болатын. 12 қазанда отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп жіберді.