Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында аудан тұрғындарын сапалы медициналық қызметтермен қамтуды арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.
Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Оның айтуынша, Нұршашқан шағын аудан тұрғындары үшін биылғы жылы бір ауысымда қуаты 100-ден асатын отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынды. Қараша айында отбасылық дәрігерлік амбулатория ашылады. Сонымен қатар осы жылдың шілде айында 10 бригадаға арналған №13 жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы іске қосылды. Бұл қаланың шығыс бөлігі үшін жедел жәрдемнің келуін күту уақытын қысқартуға мүмкіндік берді.
Спорт инфрақұрылымын құру жұмыстары жалғасып жатыр. «Жас Қанат шағын ауданында а. ж. қазан айының соңына дейін күніне 600 адам қабылдайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашу жоспарланып жатыр, — деді қала басшысы.