Иесіз қалған жеті гидротехникалық құрылыс жыл басынан бері мемлекет меншігіне қабылданды. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Оның төртеуі Қарағанды, екуі Алматы және біреуі Павлодар облысында.
Қазіргі уақытта үш иесіз гидротехникалық құрылысты республикалық меншікке алу процесі жүріп жатыр.
Бұдан бөлек, мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі мен пайдаланылуына жауапты арнайы ұйымдар құрылды. Бұл ұйымдар тоғандар мен бөгеттер секілді шағын гидротехникалық құрылыстарды теңгерімге қабылдайды, бұл олардың техникалық жай-күйін бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді, — деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.