Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын хабарлап отыр.
Астанаға арналған ауа райы болжамы:
18 қазанда Астанада көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын болмайды. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы — секундына 0-5 метр. Түнде 2-4 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы болады.
19-20 қазанда күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы — секундына 3-8 метр. Түнде 0-2 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы болады.
Алматыға арналған ауа райы болжамы:
18 қазанда Алматыда көшпелі бұлт болады, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Түнде 1-3 градус аяз, күндіз 9-11 градус жылы болады.
19 қазанда күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде кей жерлерге тұман түседі. Жел секундына 0-5 метр жылдамықпен соғады. Түнде 1-3 градус аяз, күндіз 12-14 градус жылы болады.
20 қазанда күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы — секундына 0-5 метр. Түнде 1-3, күндіз 14-16 градус жылы болады.