Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 487-493 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 17 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 488,93 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,04 теңге. Еуро — 532,40.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 487,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 489,7 теңге. Еуро 530—534 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 487 теңге, сатып алу құны — 493 теңге. Еуро 530 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,05-5,15 аралығында саудаланып жатыр.