Алматыда бүгін түнде жер сілкінгені сезілді. Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.
ТЖМ мәліметінше, 17 қазанда сағат 03.23-те жер сілкінгені тіркелген. Эпицентрі Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде орналасқан.
Алматы қаласында 2 балл болып сезілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан.