Басты бетЖаңалықтарАлматының коммуналдық...

Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген режимге көшті

Күннің суытуына байланысты Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Бұл туралы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы хабарлап отыр.

Синоптиктердің мәліметінше, ертең, 17 қазанда қар жауады. Күн райының суытуына байланысты ауа температурасы төмендеп, көктайғақ болуы мүмкін.

Коммуналдық қызметтер көктайғаққа қарсы жұмыстарды жедел жүргізуге дайын. Бұл жұмысқа 10 мердігер ұйым, 841 техника және 1405 жұмысшысы жұмылдырылды. Көктайғаққа қарсы 76 тонна материал дайындалды, — делінген хабарламада.

Басқарма көктайғақ қаупіне байланысты, көлік иелерін жазғы дөңгелектерін қысқыға ауыстыруға шақырды.

Жолда көктайғақ болуы мүмкін, сондықтан жүргізушілер жылдамдықты азайтып, көлік арақашықтығын сақтағандары абзал. Жаяу жүргіншілер де тротуарларда жұқа мұздың пайда болу қаупіне байланысты абай болуы қажет, — деп ескертті мамандар.