Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары тағайындалды. Бұл туралы Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Оқиға Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №53 мекемесінде болды. Жедел бөлімінің қызметкерлерімен өзіндік қауіпсіздік тобынын мамандары бірлесіп жедел іздестіру іс-шараларын жүргізген. Нәтижесінде мекеменің үшінші бақылап өткізу бекетінде жеке кәсіпкерге тиесілі автокөліктен ұялы телефондар мен сим карталар табылды.
Тексеру барысында 24 дана сенсорлы ұялы телефон, жеті дана құлаққап, жеті дана қуаттағыш, төрт дана сымсыз құлаққап және жеті дана белайн сим картасы тәркіленді. Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары тағайындалды — делінген хабарламада.