Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 486-491 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 16 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 487,42 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,04 теңге. Еуро — 531,39.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 488,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 490,5 теңге. Еуро 531—535,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 486 теңге, сатып алу құны — 491 теңге. Еуро 530 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,03-5,13 аралығында саудаланып жатыр.