Басты бетБастыШетелге саяхаттағанда...

Шетелге саяхаттағанда ескеру керек салттар

Жапондықтардың үйіне аяқ киіммен кіруге болмайды. Жапонияда және кейбір шығыс елдерінде үйге немесе шіркеуге кірер алдында аяқ киімді міндетті түрде шешу қажет.


Күрішке таяқшаларды (хаси) сұғып қоюға бомайды. Тамақ жеуге арналған таяқшалармен байланысты түрлі ғұрыптар бар. Оларды міндетті түрде сақтау қажет. Оны сілтеуші ретінде пайдаланбаңыз және ешқашанда күріш салынған ыдысқа таяқшаларды тігінен сұғып қоймаңыз. Бұл жерлеу рәсімінде жасалатын ғұрыптардың бірі.

Күріш
Қытайлықтармен сөйлескен кезде аты мен тегін шатастырып алмаңыз. Қытайлықтарда бірінші тегін, сосын атын жазу дәстүрлі қалыптасқан. Олар бұған ерекше мән береді.  Мәселен, орыстарда Иван Петров болып жазыла берсе, қытайлықтарда Ми Вонг Чи деп жазылады, мұнда Ми Вонг- тегі, ал Чи-  аты.

Қытай
Туристер гүл сыйламас бұрын жергілікті тұрғындардың пікірлерімен алдын-ала санасып, қанша тал гүл және қандай гүл сыйлауға болатындығын ақылдасқаны дұрыс. Мәселен, Германия, Швеция және Польшада қалампыр гүлін тек жерлеу рәсіміне алып келеді. Ал  бұл мақсатта Түркия, Франция, Бельгия, Испания және Италия сияқты елдерде  бақыт гүлі пайдаланылады. Франция және Австралия сияқты елдерде романтикалық кездесулерге қызыл раушан гүлі тарту етіледі. Чили мен Мексикада сары гүлдер қайғыны білдіреді. Қытай мен Индонезияда тақ санды гүл беруге болмайды. Ал, Ресей, Үндістан, Түркия және Германия сияқты елдерде керісінше.

Гүлдер
Филиппин, Малайзия және Таиланд сияқты елдерде басқа жанасуға қатаң тыйым салынған. Өйткені будда дінін ұстанатын елдерде бас ең қасиетті мүше болып саналады, олардың түсінігінше онда адамның жаны өмір сүреді. Басқа қол тигізу, шашын сипаудың өзі  жергілікті тұрғындар үшін қорлау болып есептеледі.


Жақсылық нышаны ретінде бас бармақты көтеру. Мұндай әрекеттермен көрсетілетін белгілерді Иранға барғанда көрсетпеңіз. Өйткені мұны жергілікті тұрғындар дұрыс түсінбей, ғайбаттап тұр деп ойлап қалуы әбден мүмкін. «ОК»  белгісі түріктер мен бразилиялықтардың пікірі бойынша ғайбат көрініс. Ол белгі олардың түсінігінде  адам денесінің интимді бөлігін білдіреді.

Керемет
Мұсылмандарға спирттік өнімдерді және доңыз терісінен жасалған өнімдерді сыйға тартпаңыз. Өйткені ислам дінінде аталған өнімдерге тыйым салынған.

Арақ ішуге болмайды