Алматыда қала маңына қатынайтын жаңа автобус бағыты ашылды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлап отыр.
15 қазаннан бастап үлкен сыйымдылықтағы автобустар «Райымбек» метро бекетінен Есікке дейін қатынайды, соңғы аялдамасы – Еңбекшіқазақ ауданының Қызылжар ауылы. №252 бағытында 25 автобус қызмет көрсетеді, жүру аралығы 10 минут. Бұл бағытқа «ECOBUS SERVICE» ЖШС қызмет көрсетеді, — делінген хабарламады.
Бұған дейін Алматыда 34 қала маңы бағыты ашылып, оларға 491 автобус бөлінген болатын. Жыл аяғына дейін Алматы агломерациясындағы 70-ке жуық елді мекенді қамтитын тағы 19 бағыт ашу жоспарланып отырғаны айтылды.