Желі қолданушылары бұл қосымшаның адам бетіндегі кішігірім кемшіліктерді ғана түзетіп қоймайтынын, терінің түсін де өзгертетінін айтып шағым түсірген. Бағдарлама қара нәсілді тұрғындардың терісін ағартып шығарған. Соңында құрастырушыларды нәсілдік кемсітушілікке жол берді деп айыптады.
Бұл қосымшаны ресейлік Wireless Lab компаниясы құрастырған. Оның негізін салушы әрі бас директоры Ярослав Гончаров туындаған түсініспеушілік үшін кешірім сұрап, бұл функцияның енді Spark («Ұшқын») деп аталатынын мәлімдеді.