Ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысындағы Алматы — Екатеринбург тасжолының бір бөлігі жабылды.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлап отыр.
2024 жылғы 14 қазанда сағат 08.30-да ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы(Екатеринбургке) — Алматы» автожолының 1610-1855 шақырымы аралығындағы Ақсу-Аюлы — Балқаш бағытында автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.