Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданы, Азат ауылындағы өртке және Талғар ауданындағы жағдайға байланысты жедел штаб отырысын өткізді. Әкім марқұм Шерзат Болаттың отбасы тұрған үйді толық қалпына келтіруді тапсырған. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Марқұмның отбасына көмектесу үшін бар күшімізді саламыз. Жағдай бақыланып отыр, барлық құқық қорғау органы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Заңдылықты қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Барлық кінәлі адам жауапқа тартылады, — деді Марат Сұлтанғазиев.
Облыс басшысы өртенген үйді толық қалпына келтіруді тапсырды.
Сонымен қатар отбасына материалдық және психологиялық көмек беріледі, — деген әкім.
Марқұм Шерзаттың отбасы ата-анасының баспанасы болғандықтан, ұсынылған көмектен бас тартқан.
Естеріңізге слаа кетейік, Талғар қаласында 12 қазанға қараған түні өткен аптада қатыгездікпен өлтірілген Шерзат Болаттың ата-анасының үйі өртенген еді.
Қазір өртенген үй қоршауға алынған. Алматы облысының полиция департаменті істі ҚК-тің «бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» деген 202-бап бойынша тергейді.
Елімізде 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ адам әке-шешесінің көзінше пышақтап кеткен. Жасөспірім ауруханада көз жұмды.
Психолог Гүлзат Қанат жасөспрімді ұрып өлтірген адамдардың паталогиялық агрессиясы бар екенін айтты.
ІІМ орынбасары Бауыржан Әленов күдіктілер жазаланатынын айтты.