Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов Талғардағы марқұм Шерзат Қаржаубайұлының отбасының өртеніп кеткен үйіне барды. Ол күдіктілер анықталып, жазаланатынын айтып отыр.
Жедел іздестіру тобы құрылды. Менімен бірге ішкі істер министрлігінің өкілдері қызмет атқарып жатыр. Бейнежазбаларды тексеріп, куәгерлерді анықтап жатырмыз, — деді Бауыржан Әленов.
Ол қылмыскерлер ұсталып, жазаға тартылатынын айтты. Қылмыстық іс ішкі істер министрінің ерекше бақылауында болады.
Естеріңізге слаа кетейік, Талғар қаласында 12 қазанға қараған түні өткен аптада қатыгездікпен өлтірілген Шерзат Болаттың ата-анасының үйі өртенген еді.
Қазір өртенген үй қоршауға алынған. Алматы облысының полиция департаменті істі ҚК-тің «бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» деген 202-бап бойынша тергейді.
Елімізде 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ адам әке-шешесінің көзінше пышақтап кеткен. Жасөспірім ауруханада көз жұмды.
Психолог Гүлзат Қанат жасөспрімді ұрып өлтірген адамдардың паталогиялық агрессиясы бар екенін айтты.