Қазақстанның сыртқы қарызы 2024 жылдың басымен салыстырғанда 3 миллиард долларға өсіп, 166,7 миллиард доллар болды.
Ұлттық банктің мәлімдемесі бойынша, Қазақстанның сыртқы қарызының 87,5%-і – ұзақ мерзімді сыртқы қарызға тиесілі.
Бұл бір жағынан өтімділік тәуекелдерін азайтса, екінші жағынан қарызды өтеу мен қызмет көрсетуге нарықтық жағдайлардың өзгеруінің ықпалын күшейтеді. Қарыздың қаржылық құралдар түрлері бойынша құрылымында резидент еместерден алынған несиелер мен қарыздар басымдыққа ие (73,9%), ал резидент еместер қолындағы борыштық бағалы қағаздар 8,0%-ті қамтиды, – делінген ұлттық банк хабарламасында.