Елді мекендерді су басуға жол бермеу мақсатында ТЖД қызметкерлері қорғаныс үйінділерін интертті материалдармен және қапшықтармен нығайту жұмыстарын жүргізуде. Әзірге 36000 тонна инертті материал жеткізіліп, 7400 қапшық қойылды және 22160 текше метрден астам қызыл су сорғытылды.
Одан бөлек, Львовское, Пригородное, Гастелло ауылдарында және Жарқайың ауданының Державинск қаласында су деңгейін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік жүргізіліп жатыр.
Пригородное ауылында тұрғын үйлерді су басуға жол бермеу мақсатында қорғаныс үйінділеріне интертті материалдар төсеу және қапшықтармен нығайту жұмыстары жүргізілуде. 25 000 тонна инертті материал әкелініп, инертті материал салынған 6700 қапшық қойылды. Жайылып кеткен қызыл суды сорғыту жұмыстары жүріп жатыр.
Гастелло ауылында да қорғаныс үйінділері интертті материалдармен нығайтылуда, 11 000 тонна инертті материалдар жеткізіліп, 700 қапшық қойылды.
Су тасқынына қарсы шараларға 174 адам және 72 дана техника жұмылдырылды. Оның ішінде Жарқайың, Атбасар, Есіл және Бурабай аудандарының өрт сөндіру және апатты құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелерінен 24 адам, 9 дана техника, жергілікті атқару органдары мен ұйымдардан — 136 адам, 58 дана техника және жергілікті полиция қызметінен — 14 адам, 5 дана техника жұмыс істеді.