Қар жамылғысының биік болуына және жылымыққа байланысты Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында 26-28 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Осыған байланысты тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады, деп хабарлайды синоптиктер.