Үкімете Павлодар мен Қарағанды облысындағы дала өрті мәселесі шұғыл қаралды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың айтуынша, дала өртін өшіруге Абай, Ақмола және Астана қалаларынан қосымша күштер тартылды. Сонымен қатар оқиға орнына қорғаныс министрлігі мен ұлттық ұланның әуе кемелері ұшып барды.
Павлодар облысы тарапынан Желтау ауылының 18 тұрғыны көрші ауылдың эвакуациялық пунктіне эвакуацияланды. Қазіргі уақытта Павлодар облысының аумағындағы дала өрті толықтай оқшауланды. Бүгін де Қарағанды облысы бойынша осындай нәтижеге қол жетеміз деген ойдамыз, — деді Шыңғыс Әрінов.
Оның айтуынша, барлық қажет іс-шаралар қабылданып жатыр.
Сонымен қатар бүгін түнде Ресей жағынан Қостанай облысының Жетіқара ауданына 500 га дала өрті болып, дер кезінде сөндірілді, — деді министр.