Алматы қаласының Әуезов ауданындағы комьюнити орталығында елімізде АЭС салу бойынша және референдум қорытындысын талқылады.
Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Жиынға қала белсенділері, студенттер және энергетика саласының мамандары қатысып, елімізде болашақта энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолында АЭС-тің рөлі туралы пікір алмасты.
Кездесуде жас сарапшылар АЭС салудың еліміз үшін маңызды қадам екенін атап өтіп, жобаны қолдайтындарын білдірді. Олардың айтуынша, атом энергиясы Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтып, тұрақты даму жолында маңызды рөл атқарады.
Сонымен қатар жастар АЭС-тің тек энергия көзін ғана емес, елдің экономикалық дамуы мен жастарды жұмыспен қамтитын жоба екенін айтты.
АЭС құрылысы көптеген жаңа жұмыс орындарын ашып, жоғары технологиялық салаларды, соның ішінде ғылым мен инженерияны дамытуға мүмкіндік береді. Бұл жас буын үшін үлкен мүмкіндіктер ашатыны сөзсіз. сонымен қатар болашақта кәсіби өсуге және жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік береді, — деп бөлісті Маханбет Бауыржан.
Кездесу соңында қатысушылар АЭС салу Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігіне, экономикалық тұрақтылығына және экологиялық қауіпсіздігіне апаратын маңызды қадам деген ортақ пікірге келді.
Әуезов ауданындағы комьюнити орталықта өткен бұл жиын АЭС салудың болашағын талқылаумен қатар, еліміздің тұрақты дамуына атсалысатын жаңа буын мамандарының қалыптасуына ықпал ететін маңызды оқиға болды.