Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 481-485 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 7 қазанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 481,84 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,07 теңге. Еуро – 531,33.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 482,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 484,3 теңге. Еуро 530,5 — 535 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 481 теңге, сатып алу құны – 485 теңге. Еуро 528 теңгеден сатылып, 534 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,01-5,13 аралығында саудаланып жатыр.