Басты бетЖаңалықтарБүгін Қазақстанның...

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

“Қазгидромет” Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 5 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

ҚР көп бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен найзағаймен жаңбыр жауады, таңертең және түстен кейін оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады.

Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жел күшеюі күтіледі, түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман болады.

Қарағанды, Абай облыстарында, Ақтөбеоблысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Түркістан облысының солтүстігінде, орталығында, шөлді аудандарда, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.