«Дала дәмі» бағдарламасы миллиондаған адамға Қазақстанның сапалы өнімдерін тұтынуға мүмкіндік береді

Airba Fresh компаниясы «Дала дәмі» деген қазақстандық фермерлер мен азық-түлік өндірушілерді қолдау бағдарламасының іске қосылғанын хабарлап отыр.

Бағдарламаның мақсаты — жергілікті өндірісті қолдай отырып және жергілікті өнімдерді миллиондаған ел азаматы үшін қолжетімді ете отырып, Airba Fresh ассортиментіндегі қазақстандық өнімдердің үлесін 2027 жылға қарай 50%-ке дейін арттыру.

«Дала дәмі» бағдарламасы қазақстандық фермерлер мен өндірушілерге бірқатар маңызды артықшылық ұсынады. Олардың қатарына өндірістік процестерді жақсартуға, сертификаттаудан өтуге және өнім сапасының стандарттарын арттыруға көмектесетін тегін аудит және кәсіби кеңес беру кіреді. Бағдарламаға қатысушылар қаптаманың дизайнын жасаудан бастап жарнамалық науқандар мен промо-акцияларды өткізуге дейін — «Airba Fresh. Сүйіспеншілікпен жасалған» ЖСБ ассортименті аясында брендтеу және ілгерілету бойынша жәрдем алады.

Бағдарламаның тағы бір маңызды артықшылығы — қосымша шығынсыз листиңге кіру мүмкіндігі. Бұл дегеніміз — қазақстандық өндірушілер тауарын Airba Fresh сөрелеріне қою ақысын төлемей-ақ ұсына алатынын білдіреді. Өнімдер тек оның сапасы мен бәсекеге қабілеті негізінде таңдалады.

демалыс, тау, демалыс
Фото: Airba Fresh

Сонымен қатар Airba Fresh жаңа өнімдерді әзірлеуді белсенді түрде қолдайды, яғни бағдарлама қатысушыларына нарықтық деректер мен сұраныс бар жаңалықтарды жасау үшін сараптама ұсынады. Бағдарлама фермерлер мен өндірушілерге арналған тарату арналарын B2B-сегменті арқылы кеңейтеді, жеткізушілердің өнімдерін қазақстандық отбасылардың үстелдеріне ғана емес, мейрамханалар мен кафелерге де жеткізуге көмектеседі.

Біздің бас міндетіміз — тамақтану мәдениетін жақсарту. Біз қазақстандық өндірістің сапалы өнімдері осы миссияны іске асырудың негізі деп санаймыз. Қазақстандық өндірістің 3 140 өнімін тізімге қойдық және одан әрі өсуге үлкен мүмкіндіктерді көріп отырмыз. «Дала дәмі» бағдарламасының іске қосылуымен жаңа серіктестерді тарта отырып, ауқымымызды кеңейтуді жалғастыруды жоспарлап отырмыз, — деді Airba Fresh компаниясының негізін қалаушы және директоры Даниэль Ким.

құрт, жент
Фото: Airba Fresh

Қазіргі уақытта Airba Fresh желісіндегі сатылым көшбасшылары — жергілікті өндірушілермен бірлесіп жасалған өнімдер, олардың арасында буратта және моцарелла ірімшіктері, сүт, сүзбе, фермерлік сиыр еті және жұмыртқа сияқты позициялар бар. «Дала дәмі» бағдарламасы осы ассортиментті көбейтуге және жаңа серіктестерге өз әлеуетін іске асыруға көмектесуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама қазақстандық өнімдерді тұтынушылар арасында танымал әрі әйгілі ету үшін жұмыс істейді. Airba Fresh қолданбасында Қазақстанда өндірілген тауарлар арнайы белгілермен белгіленеді, ал әлеуметтік желілер және басқа арналар арқылы компания өндірушілердің тарихын және олардың табысқа жету жолын баяндайды.

«Дала дәмі» бағдарламасы отандық фермерлерді қолдаудағы маңызды қадамға айналып, олардың бизнесіне жаңа көкжиек ашып, миллиондаған адамға Қазақстанның сапалы өнімдерінен ләззат алуға мүмкіндік береді.