Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 480-484 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 4 қазанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 482,86 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,08 теңге. Еуро — 533,17.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 481,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 483,3 теңге. Еуро 531,5—535,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 480 теңге, сатып алу құны — 484 теңге. Еуро 530 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,03-5,17 аралығында саудаланып жатыр.