Әлемдегі ең қауіпті қала анықталды

Numbeo порталының рейтингісі бойынша, әлемдегі ең қауіпті қала Венесуэла астанасы Каракас деп танылған.

Үштікке Гондурас пен Оңтүстік Африка Республикасының елді мекендері де кірген.

Ал Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Даби ең қауіпсіз шаһар деп танылды. Мұнда 100 мың тұрғынға шаққанда 83,8 құқық бұзу дерегінен келеді екен. Қауіпсіз елді мекендер үштігінде сондай-ақ Германиядағы Мюнхен, Тайвань аралындағы Тайбэй де бар.

Жалпы рейтинг құру кезінде 378 шаһардағы ахуал ескерілген.

Numbeo порталы жаһан елдері жайлы мәлімет жинаумен айналысады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version