1 қазанға арналған ауа райы болжамы қандай?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 1 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жоғары қысым өрісінің әсерінен күн құрғақ және жылы болады. Тек атмосфералық ағын әсер етіп отырған елдің оңтүстігінде ғана найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Қазақстанның батысында, оңтүстігінде, шығысында жел күшейеді, солтүстігінде, оңтүстік шығысындағы таулы аудандарда тұман түсіп, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау облысының шығысында, Жетісу облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, Маңғыстау облысының шығысында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Абай облысының шығысында, орталығында өрт қаупі сақталады. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстарында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.